Кәсібіне адалдар ардан аттамайды

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлық қоғамымызда өткір күйінде қалып келеді.

Онымен күрес әр салада пәрменді жүргізілгенімен заңды айналып өтіп, өз құлқынын ойлап, зиянды әрекеттерге бару тыйылар емес. Әсіресе, қарапайым адамдар парақорлық атты кесапатпен жиі кездеседі. Көпшіліктің пікірінше ісің түскен адамның қалтасына бірдеңе тықпаламасаң жұмысың еш бітпейтіндей көрінеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып күрескеніміз абзал.

Лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебін көп жағдаяттармен түсіндіруге болады. Дейтұрғанмен алдымен олардың адамгершілік өресінің, білім деңгейінің таяздығынан, әдептілік ұстанымының төмендігінен орын алатынын мойындауымыз қажет.

Атырау облыстық өкпе аурулар санаториясы мекемесінде де қоғамды жайлаған дертпен күрес өз деңгейінде ұйымдастырылады. Бұл мақсатта жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың іс-жоспары бекітіліп отырылады. Барлық қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және оның негізіндегі нормативтік-құқықтық актілердің нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жоспарлы өткізіледі. Дәрігерлік көмегі, медициналық қызметі үшін «негізсіз» сыйлық алу фактілерінің алдын-алу мақсатында ескертіліп отырылады. Мекемеде көрнекі жерде түрлі-түсті жадынамалар, заңның баптарынан үзінділер үнемі ілініп тұрады. Сондай-ақ, арыз-шағым жәшігі, кітапшасы орналастырылып, қызметімізді пайдаланушылар өз пікірлерін қалдыра алады.

Заман талабына сай мамандарымыз әрдайым жаңашылдыққа бетбұрыс жасап отырады. Заманауи технологияларды еркін меңгеріп, сапалы қызметін ұсынады. Арамызда жең ұшынан жалғасуға бейім тұратын арамза ойлылар жоқ. Барлығы да өз кәсібіне, мамандығына адал, міндетіне жауапкершілікпен қарайды.

Ғалия ДОШАҚОВА,

Атырау облыстық өкпе аурулар санаториясының заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521