Көрінбейтін еңбекке шынайы құрмет

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде ұзақ жыл хатшылық қызмет атқарған Бисенғалиева Фариданың зейнеткерлік жасқа шығуына орай қабылдау ұйымдастырылды.

Шарада аудан әкімі Бибоз Байдәулетұлы құттықтап: - Фарида Хамзақызымен бірге жұмыс жасағанымызға екі жыл, төрт ай болды.Бисенғалиева Фарида Хамзақызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында 1960 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген. 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді, соның ішінде 36 жыл уақытын мемлекеттік мекемелерге арнаған.

Ол еңбек жолын 1977-1978 жылдары Балқұдық орта мектебінде аға пионер вожатый болып бастады. 1978 жылдың қыркүйек айынан бастап ауыл шаруашылығы басқармасына хатшы-машинистка болып жұмысқа қабылданады. Кейін 1986 жылдың қаңтар айынан бастап хатшы-машинистка болып аудандық агроөнеркәсіптік бірлестікке жұмысқа ауыстырылады. 1988 жылы сол салада кино жөніндегі нұсқаушы, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1991 жылы аудандық агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында хатшы-оператор, Халық депутаттары аудандық атқару комитетінің кеңесінде хатшы-оператор болып жұмыс жасап, 1992 жылы басқару құрылымының өзгеруіне байланысты аудандық әкімшілікке бірінші категориялы машинистка жұмысына ауысады. Сол уақыттан күні бүгінге дейін аудан әкімі аппаратында хатшы- оператор болып қызмет етеді. Өз жұмысына ұқыпты, тапсырылған істі уақытында орындайды. Әріптестері арасында беделі зор. Әр жылдарда «Алғыс хаттар» алса, 2015 жылы ауданның «Құрмет грамотасымен» марапатталды.Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Жасаған жұмысыңыз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі жерде сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай жүруіңізді және отбасыңызға амандық тілеймін! - деген ақжарма лебізбен аудан әкімі өзінің Алғыс хатымен марапаттады.

Келесі сөз кезегінде ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Қабдолов, әкімдік қызметкері Ш.Меңдіғазиев өздерінің шын жүректен шыққан тілектерін арнап, алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті.Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров: -Осындай қабылдау ұйымдастырып жатырғаныңыз үшін Б.Байдәулетұлы сізге рахмет. Фарида Хамзақызы бұл қызметті абыроймен атқарып, зейнеткерлік жасқа жетіп отыр. Талай қиындықтарды басынан өткізді. Алғаш мұнда келген жалындап тұрған, екі тілде сөйлейтін пысық жас қыз еді. Жұмысымыз түсіп алдына келгенде көмектесіп жіберетін. Ол кезде компьютер, көшірме жасау деген болған жоқ. Қағаздың бәрін қолымен басатын. Осылай жап-жас болып жүре беріңіз,- деді. Қорытындысында, Фарида Хамзақызы: - 1992 жылы аудан әкімдігіне қызметке келдім. Ол кездері Б.Сапуанов басшы болды. Қазіргі таңда 11-ші әкім Б.Шаяхметовпен бірге жұмыс жасап жатырмын. Қызметімді бір жылға ұзартып, тағы да өздеріңізбен әріптес болуға мүмкіндік бердіңіздер. Алғысым шексіз,- деп өз ризашылығын білдірді.

Тілекші МЕРТАЙҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521