Көлік өртінен көп зиян

(0 Votes)

Автокөлігіңнің техникалық жарамдылығын үнемі назарыңда ұстағаның абзал. Бұзылып істен шығуымен қатар, кездейсоқ отқа орануы да мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Өрттің шығуына электр желісіндегі қысқа тұйықталу, тамып тұрған жанар-жағармай, темірге тиген резеңкенің үйкелісі себеп болады. Көп жағдайда жүргізуші өз көлігінің өртеніп келе жатқанын байқамай да қалады. Осындайда қарсы бағыттағы автокөлік иелерінің белгі берулері сіздің апатты жағдайда екендігіңізді ескертуі мүмкін. Көліктегі синтетикалық материалдар белгілі температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт тұтанса адамның көліктің ішінен тез шығуы қажет, бір жарым минуттан соң бәрі кеш болады.

Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашқан жөн, оттектің келуінен жалын лап етуі мүмкін. Автокөлікте алғашқы дәрігерлік қобдишасымен қатар, өртсөндіргіш құрал да болуы тиіс.

Гараж ішінде басы артық жанар-жағармай сақтауға, ашық отты пайдалануға, темір дәнекерлеуге тыйым салынады. Аккумулятор батареясын қайтадан қуаттандыру кезінде де бос сутегі бөлініп, оттегімен қосылып жарылу қаупін туғызады. Клеммалардың ауысып жалғануын болдырмай, берік бекіту керек. Гаражда құм, су, брезент, күрек, сүймен сияқты өрт сөндіру құраладарының жиынтығы тұруы шарт. Тағы бір ескерер жайт, жанармай көлік тек сөндірілген қозғалтқышпен тұрғанда құйылады.

Ж.АБДУЛЛАЕВ,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521