«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

(0 Votes)

Акцияның мақсаты – аудан тұрғындарына әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Акцияның өтуіне АІІБ-нің жеке құрамы, аудан әкімшілігі, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік ұйымдар өкілдері жұмылдырылды. 16 күн ішінде есепте тұрған 13 отбасы тексерілді. Акция кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы «Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» бойынша 8 азаматтың үстінен осы бап бойынша әкімшілік іс құжаттары жинақталып, аудандық сотқа жолданды. Ауданымызда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, сондай-ақ, белгілі тұрағы жоқ әйел адам мен кәмелетке толмағандар анықталған жоқ. Профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 350 дана буклеттер таратылып, 2 билборд ілінді.

Б.Қараева,

АІІБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ –ның аға инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521