«Ғибрат» танымдық сайысында

(0 Votes)

Атырау облысы дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ ұйымдастыруымен облыстық «Ғибрат» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

«Мақал - сөз атасы», «Ата дәстүр - ұрпаққа өнеге», «Дін-ислам - діңгегім», «Тарих ғасырлар куәсі» атты кезеңдерден тұратын танымдық додада Атырау қаласының, Индер, Махамбет, Қызылқоға, Исатай, Мақат аудандарының сайыскерлері білімдерін сынады. Құрманғазы аудандық ақпараттық-талдау орталығының ұсынысымен аталған жарысқа Сафон ауылдық округінің Садихов Айжарық, Жұпарғалиев Аслан және Еңбекші ауылдық округінен Мергенов Нұрболат сынды білімпаз жастардан құралған «Фердаус» тобы қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Индерліктер екінші, Махамбет ауданының жастары үшінші орынды иемденді. Жеңімпаздарға диплом мен қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521