Ғибратқа толы ғұмыр иесі

(0 Votes)

«Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді», дегендей үлкенін сыйлап өскен ұлтпыз. Жастайынан жыл маусымының қай мезгілінде де қарбаласқа толы ұжымшар жұмысына жегілген «Еңбек ардагері» медалінің иегері, тоғыз бала тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана Зәуреш Құспантайқызының 80 жасқа толуына орай Сафон ауылдық мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шарада «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің төрағасы Бақыт Теміров: – Менің осы шаруашылықта еңбек еткеніме 43 жыл толып отыр. Алғашында көнелеу «Газиктің» қорабына 40 литрлік флягаларды тиеп алып, аудан орталығына сүт тасымалдадым. Сол кезде Зәуреш апайлар желегі желбіреген жас келін. Сүт ашып кетпес үшін таңғы төртте тұрып сиыр сауып, күн қызбай тұрып жөнелту қажет. Үйінде шиеттей балалары, сайын дерлік келімді-кетімді қонақтары бар. Соның бәріне қалай үлгеретініне әлі күнге таң қаламын. Ауылға сыйлы, отбасына жақсы келін бола білген осы бір шүйкедей әжеміздің өмірі кім-кімге де өнеге, үлгі болмақ, - деді сол кездерді тебірене еске алып.

А.Сұлтанияева,

Сафон ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521