Қиғаштың түбін қазуды көп болып қадағалайық

(0 Votes)

Отыз жылға жуық қазылмай арнасын шөп пен топырақ басып, суы лайланып, балығы азайған Қиғаш пен Шора өзендерін қазу жұмыстары жалғасу сәтінде. 2017 жылы «Қиғаш өзенінің суын молайту және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы жасақталып мемлекеттік сараптамадан өткен.

Жоба бойынша Ганюшкин каналынан 100,169, Жаркөсе каналынан 26,7, барлығы 126,869 шақырым су айдынын түп тереңдетіп қазу көзделген. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін «Павлодар Өзен Порты» акционерлік қоғамы мердігер компания болып тағайындалып, аталған мекемемен келісім шарт жасақталды. Техникалық қадағалау құжаттарын әзірлеу, сараптама талонын алу, тағы басқа да ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 50 млн теңге қаржы бөлінген. Жалпы Қиғаш өзенін түп тереңдетіп қазу жобасының құны 5681345000 теңге болып анықталды. Қазір бұл қаржыны республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Енді осы өзен бойын қазудың өз дәрежесінде жүргізілуіне тұрғындар, соның ішінде гидрологиялық жұмыстардан хабары бар адамдар ақыл-кеңестерін беріп, қалай жүріп жатырғанын бақылауда ұстаса, артық етпес еді деген ойдамыз. Өйткені, бұл көптен айтылып, әзер қол жеткізілген, елге ортақ шаруа ғой. Қыруар қаржы жұмсалып тереңдеткенде бір жерлері қазылмай қалып қойса, ол ертең өзеннің қайтадан тайыздауына соқтырары анық. Сондықтан бұл іске барша елжанды ауылдастар, әсіресе белсенді азаматтар, бұдан бұрын да айтқанымыздай қоғамдық кеңес, «Нұр Отан» партиясы депутаттары жиі араласып, сәт сайын рейдтік сапарлар ұйымдастырып, қадағалауда ұстайды деген сенімдеміз. Ал, өз тарапынан аудандық «Серпер» газеті жұмыстың жүру барысын әнүзі көпшілік назарына беріп отыратын болады.

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521