Газбен қамтылу 98 пайыз

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысындағы екінші мәселе «Елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев мәліметтер беріп: «Қазіргі кезде магистралды газ құбырының құрылысы толығымен аяқталды.

Азғыр бойындағы елді мекендердегі ауылішілік газ құбырының құрылыс жұмыстарына 359,7 млн. теңге қаражат бөлініп, ол жұмыстар жүргізілуде. Жоба бойынша ауылішілік газ құбырының ұзындығы 67,6 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда қосымша келісім шарт негізінде мердігер мекеме болып «Ка Строй ЛТД» ЖШС анықталды. Күні бүгін Асан ауылішілік газ құбырының жұмыстары толығымен аяқталды. Тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы» - деді. Бұл жұмыстар аяқталғанда Азғыр өңіріндегі 9 елді мекен және Қошалақ ауылындағы 7 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Сонда аудан бойынша табиғи газбен қамтылудың үлесі 98% болғалы отыр. Бұл жерде тоқтала кетер бір жайт тұрғын үйге газ тарту, яғни оның жобасын жасап, тартып, есептегішін қондырып беру 140 мыңға шығады. Ары қарай тұрғын үйінің ішіне өзі жүргізеді.

Комиссия мүшелерінен Сағидолла Кулов кез-келген адам газге қандай құбыр, қазан, басқа да жабдықтар қажет екенін біле бермейтінін айтып, осыны ескеру керектігін қаперлесе, Қанат Ғұмаров Азғырдағы қандай әлеуметтік нысандарға газ тартылатынын және қашан басталатынын сұрады. Өз жауабында Ә.Әжіғалиев бұл үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінгенін, жақында медицина саласынан басқа әлеуметтік нысандарға газ тартылатынын айтты. Медицина саласының нысандары қалып қоймасын деп алаңдаушылық білдірген комиссия төрағасы Біржан Кенжебаевқа берілген жауапта бұл жұмыс облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асатыны, хат жолданғаны жеткізілді.

Қ.Ғұмаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521