«Ерлік сабағы»

Аудан тынысы

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте бастапқы әскери дайындық жетекшісі Жігер Ерболатұлының ұйымдастыруымен «Ерлік сабағы» өткізілді.

Оған дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Оралбек Оразбеков шақыртылды. Ол өз өңіріне тағылған «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалінің қыр-сыры жайлы қызықты етіп әңгімеледі. Бұл шенді марапат оған «Шонжы» шекаралық аймағында қызметте жүріп, біздің елімізге заңсыз кірген Қытай азаматын құрықтағаны үшін берілген. Одан әрі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жауапты өкілі А.Шарипов Арыста болған жағдайға байланысты ерлік көрсеткен бір топ адамдар Бас қолбасшымыздың атынан марапатталғанын тілге тиек етіп, осы жылдың көктемінде өз қызметінде жүріп қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтің жасаған ерлігі жөнінде айтып берді.

s

sharipov3

«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» тақырыбында Назымгүл Болатованың баяндамасы тыңдалды.

А.Шарипов,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері