«Еркетайдың» ертеңгілігі

(0 Votes)

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының «Еркетай» тобында еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік өтті.

Шараны ұйымдастырушылар топ жетекшілері Ү.Махамбетова және А.Нұртазаева. Бүлдіршіндер шараға белсене қатысып, тақпақ айтып, саз жетекшісі К.Рамазанов сүйемелдеуімен ән мен биден шашу шашты.

Бұл ертеңгілік тағылым мол шараның бірі болды. Желтоқсан көтерілісінң сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында өтті. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Аға-апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етіп, басымызды иеміз.

Асқарова Айнагүл,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521