Елу екінші баспананы сыйлады

(0 Votes)

Қайырымдылық көрсету қазақ халқының қанында бар.

Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, айналасын қолынан келгенше қамқорлаған халықпыз. Қазіргі нарық заманында да тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына көмектесуді өздерінің міндетіндей көретін қамқор жандар арамыздан табылады. «Жақсының жақсылығын айт» дегендей, балаларға, қарттарға, үйсіз-күйсіздерге қаражат жинап жүрген қайырымдылық қорының бірі – «Харекет». Бұл қор халықтың демеуімен, мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі кісілерге, жалғызбасты аналарға, т.с.с. адамдарға үй немесе жер телімін алып беру, баспана салуына көмектесу сияқты іспен үздіксіз айналысып келеді. Жақында ғана Құрманғазы ауылының тұрғыны, бес балалы (оның бірі мүгедек), жалғыз басты ана Бибігүл Сайфекеноваға қордың 52-ші баспанасы тарту етілді.

Күтпеген жерден қуанышқа кенеліп, жаңа үйге ие болған ана осындай игі іске мұрындық болғандарға алғысын жеткізіп, жақсылықтарың алдарыңнан шыға берсін деген ізгі тілегін жеткізді. «Бірлік бар жерде – тірлік бар»дегендей, бұл баспананы тарту етуге атсалысқан адамдардың да аттарын ел біле жүргені жөн шығар. Олардың қатарында Атырау облысы «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері мен еріктілері, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Тәжібаев, Хиуаз ауылының жастары, нотариус Вероника Садықова, ХҚКО-ның басшысы Гүлбақыт Мырзабекқызы, азаматтарға арналған корпорацияның Құрманғазы ауданы бойынша кеңесші тіркеушісі Бауыржан Нұрланұлы, «Нұр» фотостудиясының ұжымы, жас кәсіпкерлер Ерлан Тарихов, Ерлан Нұрбаев, Жастілек Оңашев, Дәурен Марданов ұжымдары бар. Жоғарыда аталған барша қайырымды жандарға біз де алғысымызды білдіреміз.

Ризабек Сұлтанияев,

«Харекет» қайырымдылық қорының еріктісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521