Елдің өркендеуі ауылдан басталады

(0 Votes)

Қазақстан Президентінің бұдан бұрынғы барлық бастамалары халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған және уақыт сұранысына жауап беретін шынайы бағдарла¬малар болатын. Елбасының бұл жолғы «Бес әлеуметтік бастамасы» еліміздің экономи¬калық әлеуетінің қуатты көрсеткішке ие екендігін көрсетеді.

Ұлт көшбасшысы бұдан бұрынғы бір сөзінде қоғамның санасын өзгерту арқылы рухани бай, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға жол ашылғанын, қазіргі таңда жүйелі жаңғыру бүкіл ел жұмыстарының басты қазығына айналғанын айта келіп, бір-біріне сабақтас үш жаңғыруды – экономикалық, саяси, рухани жаңғыруға ел болып батыл кірісіп отырғанын атап өтті. Бұл Үндеу – елімізді әлеуметтік жағынан сапалы жаңғырту жолындағы батыл тарихи қадам екенін көрсетеді.

Экономикалық, саяси жаңғырумен бірге, бүгінгі жаһандану үдерісі өте күшті және жедел өтіп жатқан дәуірде әлеуметтік жаңғырудың тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін маңызы зор. Ол дамыған өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынас жасаумен және қолда барды ұқсату арқылы орындалмақ. Президенттің бастамалары әбден зерделеніп, зерттеліп барып жарияланғаны анық байқалады. Бұл мәселе бойынша білікті мамандар тыңғылықты жұмыс жасағаны көрініп тұр. Өйткені атап көрсетілген бес басымдық бойынша негізгі мақсаттар мен олардың орындалу мерзімі, аталған міндеттердің қаржылық ауқымы нақты көрсетілген. Мәселен, «7-20-25» бағдарламасын қарастыратын болсақ, мұнда қазақстандықтардың ипотекалық несиені 7 пайыздық мөлшерде 25 жылға ала алатыны, алғашқы жарна 20 пайызды құрайтыны нақтыланған. Бұл ипотекалық несиенің ай сайынғы төлемін едәуір төмендетеді.

Халқымыздың 42 пайызға жуығы әлі де ауылдық жерлерде тұрады. Ал бұл өз кезегінде олардың аграрлық секторларда еңбек ететіндігін көрсетеді. Президент Үндеуінде сол халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауда ерекше қамқорлықтар жасалынбақ. Несие беру, 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы еңбек адамына жасалатын үлкен күш болмақ. Бұлардың бәрі жалпыға Бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасын толықтыра түседі. Бұл бастамалардың бәрі әлеуметтік мемлекет және ұлттық әл-ауқаттың қазақстандық үлгісін қалыптастыру аясындағы маңызды қадам екендігі анық. Қорыта келгенде, Елбасымыз әрбір қазақстандықтың алдына зор міндеттер қойды. Олардың барлығы да ел игілігіне қажетті мәселелерді шешуге бағытталған. Олай болса, төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде жаңа, ауқымды қадам жасауға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауымыз қажет.

Римма ҒАБДУШЕВА, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521