Елде жоқ сиыр Есболатта бар

Аудан тынысы

Есболат Құбашев өзінің шаруа қожалығын 2002 жылы құрды. Шаруашылық асыл тұқымды қазақтың ақ сиырын өсірумен айналысады.

Қазір олардың басы 450-ге жетті. 2017 жылы республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы – «Асыл түлік» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасасып, 400 бас асыл тұқымды аналық мал алып, жергілікті климатқа жерсіңдіру бағытында тынбай еңбектеніп келеді. Қазіргі уақытта шаруагер жігіт жергілікті жерге бейімделіп өсетін асыл тұқымды мал түрін шығарсам дейді. Оның бірден-бір жолы малды өз төлі есебінен өсіруді көздейді. Бұл бағыттағы жұмысы нәтижесіз емес, биылдың өзінде алынған бұзаудың саны 80-нен асып отыр. Есебі түгел Есболаттың сиыр бақташысы Серік Кәмешовке де көңілі толады. Өз жұмысына өте тиянақты жас жігіт көрінген төлден шығын бермеу қамында күндіз-түні аянып қалмайды.

А.НӘЖІМОВ.