Детектив жанрының жүлдегері

Аудан тынысы

Журналисіміз Қанат Ғұмаровтың «Түн жамылған ұрылар» атты әңгімесі Алматы қалалық сотының 50 және «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай Алматы қалалық сотының қолдауымен детектив жанрындағы шығармалар байқауы бойынша ұйымдастырылған республикалық байқаудың дипломы мен жүлдесін иеленді.

Байқауға еліміздің әр түкпірінен 72 адам қатысқан. Шығармалар республикалық «Заң» газетінде жарияланды. Бұл шара Қазақстан Республикасы бойынша детектив жанрында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Редакциядан