Дауыл

(0 Votes)

«Құм мен шаңын сауылдатып, Көктем келер дауылдатып». Жойқын күші бар дауыл едәуір созылатын, сағатына 30 м/с жылдамдықпен соғатын қатты жел.

Оның пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Кейде дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келеді. Шаңдық дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да нәрселердің ауаға көтерілуі. Қазақстан аумағында бұл дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Ал, дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, қандай іс-әрекеттер атқарыларына келсек алдымен панахананы, жертөлені әзірлеңіз. Есікті, терезені, шатырдағы желдеткіш люкті нығыздап жабыңыз. Саңылауларды бекітіп, төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып әкету қаупі бар заттарды шығарып, даладағы заттарды бекітіп немесе үйге кіргізіңіз. Газды, элект жүйесін ажыратып, суды жауып, пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасқан жөн.

Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдық дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек. Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдауықтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасырыңыз. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұта ығына малды ұстай тұрған жақсы. Дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қаупі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киіміңізді киіңіз. Көзіңізге шаң немесе қоқым түпсес үшін арнайы көзілдірік пайдаланыңыз..

А.Ахбалин,

Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521