Дала сазы - «Дос – Мұқасан»

(0 Votes)

«Дос – Мұқасан» эстрадалық вокалды аспаптар ансамблі. 1967 жылы Қазақ политехнологиялық институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды.

Ансамбль мажапрлық студенттің бастамасымен (Д. Сүлеев, М. Құсайынов, Қ.Санбаев, А. Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралып аталып, лезде танымалдыққа ие болды.

Кейіннен М. Молдабеков, Қ. Әжібаева-Омарова, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайынов сынды өнерлі жастар қосылды. Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын халық және композиторларының әндері, сондай-ақ, ансамбль мүшелерінің шығармалары орын алды. «Дос – мұқасан» дәстүрлі фольклорлық сазды эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады.

1971 жылы Ташкентте КСРО бойынша өткен техникалық жоғары оқу орындары арасындағы бүкілодақтық байқауда бірінші орын жеңіп алады. 1973 жылы Минскіде Кеңес әндерін орындайтын кәсіпқой орындаушылардың бүкілодақтық байқауында екінші орынды иеленеді. Берлинда өткен 10-шы Дүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалінде бірінші орын (алтын жүлде) алды. Атағы аспандаған «Досмұқасан» ансамбліне 1974 жылы Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1975 ж. «Қазақконцерт» бірлестігінің құрамына енді. 1977 ж. АҚШ – қа 6 (алты) айға гастрольдік сапарға барып, 230 мың адамға 180 концерт берді.

«Досмұқасан» ансамбіліне Повлодар, Атырау қалаларынан ескерткіш орнатылды.

Есмұхан Жанзин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521