«Биыл 35 шақырым жол жөнделіп, 5 көпір салынады»

Аудан тынысы

Атырау облысының Құрманғазы ауданында болдым. Бұл сапарда «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Ұлан Әліпов бірге болды. Атырау-Астрахань автомобиль жолының 60 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарының жайымен таныстық.

Жөндеу жұмысына қаржы өткен жылы Сенат отырысында қозғалып шешімін тапқан. Сол кездегі Үкімет басшысының бірінші орынбасары, қазіргі Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен шұғыл кеңес өтіп жол картасы жасалған.

Соның нәтижесінде ұйымдастыру жұмыстары дәл уақытында аяқталды. Жұмыс басталды. Бас мердігер «Сине Мидас Строй» БК ЖШС бас директорының орынбасары Мехмед Дильмаш осы жылы 35 шақырым жолды толық асфальт төсеп жөндеуден өткізетінін, 5 көпір жаңадан салынатынын, қалған 25 шақырым жолдың төсеніші дайындалып келесі жылы толық іске қосылатынын хабарлады. Іске сәт!

Сәрсенбай Еңсегенов,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.