«Бір жасыңмен!»

Аудан тынысы

Аудандық қаржы бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мамандары есік алдында қаз-қатар тізіліп, қонақтарды жылы шыраймен қарсылап алды. Көздің жауын алар сәнді киінген жастар ұлттық нақышқа малынған. Ұлттық тағамдардың түр-түрі әзірленген жайнаған дастархан басына жайғасқан бір топ азаматтар мен азаматшаларға қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасанова қош келдіңін айтып, «Көрісу айт» мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров қаржы саласының ардагерлері Әбдірахим Абдуллин, Райса Асқарқызы, Ғалымжан Мырзағалиев сынды ауданның Құрметті азаматтары тәрбиеленген ұжымға арнайы келіп отырғандарын тілге тиек етіп, бұрын осы бөлімде еңбек еткен өзі де аға-апаларын үлгі тұтатынын жеткізді. Сонымен қатар, биылғы жастар жылына орай аудандағы орталыққа арнайы ғимарат беруге қаржы бөлінгені жөнінде жағымды жаңалығынан хабардар етуді ұмытпады. Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов жылы лебіздерін білдіріп, әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тіледі.

А.Шакупова.