Билік пен халық арасындағы берік дәнекер

(1 Vote)

Астана қаласында өткен қоғамдық кеңестердің республикалық екінші мәжілісінде «Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру тәжірибесі», «Қоғамдық кеңестер болашағы», «Нормативтік-құқықтық актілерді қоғамдық талдау жүргізудің тәжірибелік жолдары», «Қоғамдық тыңдауды өткізуге азаматтарды қатыстыру арқылы талқылау және шешім қабылдау жайы», «Қоғамдық мониторинг жүргізу тәжірибесі» деген тақырыптарда баяндамалар оқылып, семинар-тренинг өткізілді.

Белгілі саясаттанушы А.Сарым, Қазақстанның Азаматтық Альянсы тұтынушылардың құқығын қорғау коалициясының төрағасы, Әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі М.Әбенов пікір алмасу мәжілісін жүргізіп отырды. Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңесінің басшысы Д.Сабо, ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Қарағанды облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы К.Оспанов, Қырғызстанның мемлекеттік органдары қоғамдық кеңестерінің төрағасы Т.Абдыров қаржыландыру мәселесі, ұсынымдарының орындалысы, жұртшылықпен дербес байланыс орнату, бірыңғай ақпараттық ресурстар сайтын құру сияқты ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың жұмысын бақылау институты болып табылғанымен көпшілік оның бұл қызметі жайлы көп біле бермейтіндігі, соған сай оларға тиісінше сенім артып отырмағандығы айтылып, алға қарай кемшіліктерді жою жолдары назарға берілді. Билік пен халық арасындағы берік дәнекер болу бағытында алда тұрған міндеттер мен межелерді белгіледі.

Мәжілісте «Қоғамдық кеңестер туралы» заңнаманың түзетулер жобасы, техникалық көмекші ұсынымдар, реформаларды жүзеге асыру, қоғамдық кеңестердің сараптамалық диагностикасы тақырыптарында талдаулар жасалынды.

А.Нәжімов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521