«Бекіре-2019» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен, Атырау облысы көлемінде 2019 жылдың қыркүйек айының 10-мен қазаң айының 31-і күндері аралығында балық және балық өнімдерінің заңсыз аулау, сату, тасымалдау фактілерін алдын алу мақсатында «Бекіре-2019» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Балық аулау ережелері.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы 2015 жылғы 24 шілде №190 санды «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығы негізінде мына өзгерістер бар.Осы бұйрық негізінде балық аулауға салынған ерекше тыйымдармен мерзімдер, орындар бар.

Бұйрықтың жалпы ережелерінің 1 тарауының 5 пункітінде тыйым салынған құралдар мыналар:

- қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарымен , әдістерімен және тәсілдерімен.

- үшкір аулау құралдарын (шанышқы,найза,қапқан) өздігінен аулау құралдарын (ілмек,тартпа,артпа) жарылғыш және уландырғыш заттарды сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып аулауға тыйым салынады.

Бұйрықтың 9 пунктінде барлық суда мамырдың 01-не 30 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салынған.

Аудан тұрғындары осы бұйрық аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидаларын бұзбағандары жөн. Аталған бұйрықты бұзғаны үшін азаматтарға ҚР ӘҚБтК-ң 383 бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өздеріңіз түсінбей жүрген сұрақтарыңыз болса Құрманғазы АІІБ-ң 2-11-70 телефонына хабарласуыңызға болады.

Д.ҒАФУ,  Құрманғазы АПБ-ң ЖПҚБ-ң Табиғатты қорғау

полиция тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521