Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

Аудан тынысы

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті ұсынуды пилоттық режимде іске қосу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №418 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ағымдағы жылдың 9 тамызындағы №192/НҚ бірлескен бұйрықтары бекітілген болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті көрсетуді пилоттық режимде 2020 жылғы 1 шілдеге дейін қосқан еді. Осы негізде Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бұдан былай жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға жеке жүгінуге мәжбүр болмайды. Егер бұрын «Батыр аналар» бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті өтініштер жазса, қазір рәсім жеңілдеді.

Проактивті қызметті көрсету үрдісі ҚР Президенті әкімшілігінің ақпараттық жүйесінен Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» алғаш марапатталған көп балалы аналар туралы ақпарат түскен кезден басталады. Содан соң мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін Мемлекеттік корпорация жүйесіне түседі. Корпорация өз кезегінде келіп түскен электронды өтінішті қалыптастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентімен бекітілген мерзімдерге сәйкес уәкілетті ұйымдарға жолдайды. Уәкілетті ұйым бекітілген мерзімдерге сай түскен электронды құжатты тексеріп, жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім қабылданған соң көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушығы тағайындалған жәрдемақының мөлшері немесе тағайындаудан бас тарту туралы СМС хабарлама жолданады.

Ал, проактивті қызмет көрсетілуі үшін оны алушы мобильді азаматтар жүйесіне тіркелген болуы керек. Ол үшін кез келген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып ұялы телефон нөмірін тіркетуге болады немесе электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы электронды үкімет порталына кіріп, сондай-ақ «Телеграмм-бот» месенджерінің көмегімен тіркелуге мүмкіндік бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша

филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі