«Баршаның назарына!!!» бірыңғай құлақтандыру дабылы бойынша халықтың іс-қимылы»

Аудан тынысы

Ауданымызда табиғи,техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның зардаптарын жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құрылымдардың теориялық және тәжірибелік білімдерін пысықтау мақсатында «Баршаның назарына!!!» бірыңғай құлақтандыру дабылы бойынша халықтың іс-қимылы» кешенді оқу-жаттығуы өтті.

Аудан орталығы Құрманғазы ауылында сирена С-40 қондырғысымен таңғы сағат сегізде дабыл белгісі беріліп, құлақтандырылды. Аталған оқу жаттығуды өткізу бойынша құрылған жедел штаб мүшелері, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары аудан әкімі аппаратындаға оқу жаттығу штабына жиналып, оқу жаттығу бойынша өздеріне бекітілген салалық қызметтер негізінде міндеттері нақтыланып, тапсырмалар берілді. Сол күні сағат 9.30-да аудандық азаматтық аумақтық қорғау құралымдары аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің алдына жиналып, сапқа тұрғызылып, 35 техника дайындыққа келтірілді. Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асхат Ержановтың, Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Берік Құрманәлиевтің және аудандық жедел штаб бастығы Ж.Хасановтың қатысуымен азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары мен күш-құралдарының дайындығыны тексерілді.

img_5541

img_5544

Одан әрі Ақкөл ауылдық округіндегі су тазалау имаратында оқу-жаттығудың тәжірибелік бөлімі жалғасын тапты. Алдымен тұрғындарға «Баршаның назарына!» дабылында халықтың іс қимылы бойынша оқу жаттығу жүргізілді. Содан кейін ауылдық округтің судан тазарту ғимаратында суды залалсыздандыруға арналған хлор ерітіндісі сақталған. Аталмыш улы зат кенеттен ауаға тарап кетуіне байланысты, азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары мүшелері тұрғындарға шұғыл хабарлама жасап ескертті. Қоршаған ортаға қаупі бар зиянды ертінідіні залалсыздандыру үшін аудандық жедел штабқа хабарланды. Арнайы жасақпен келген азаматтық қорғау қызметтері оқиға орнына жедел жетті. Бірінші кезекте мекеме ішіндегі қызметкерлерге, ғимараттың екі жағындағы Ганюшкин айналым депосы және Ганюшкин стансасының ұжымына хабарланып, оларды орындарынан оқшаулау шаралары алынды. Химиялық қауіпті зат сақталған ғимараттың ішінде екі қызметкердің уланып қалғаны белгілі болды. Оқиға орнынан дереу табылған өрт сөндірушілер ғимаратқа су шашып, арнайы киіммен ішке енген құтқарушылар зардап шеккен жандарды сыртқа алып шықты. Дәрігерлер шұғыл түрде алғашқы медициналық және психологиялық көмек берді.

i

img_5552

Энергетика қызметі болып бекітілген «Атырау Жарық» мекемесінің қызметкерлері ғимаратты ток көзінен, газ құбырларындағы техникалық апатты жою тобы газдан айырды. Бұдан кейін эвакуациялық көшіру тобы ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа шығару үшін, эвакуациялық қабылдау пункті болып белгіленген Ақкөл жалпы орта мектебіне көшірді. Қарсы алу пунктіне келгендерді жайғастыру, тамақтандыру және медициналық көмектер көрсету жұмыстары жүргізілді.

img_5562

i

Сонымен қатар оқу жаттығудың күнтізбелік жоспарына сәйкес, бүгін  жергілікті уақыт бойынша сағат 07.50-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінен «Апат-111» дабылы түсті. Аталған дабыл бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерінде, ауылдық округтерде және жергілікті орталық атқарушы органдарда құрылған штабтарға «Апат-111» дабылы жолданып, барлық қызметтердің жеке құрамдары мен техникалары дайындыққа келтірілді.

i

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен сағат 10. 56-да жолданған «Назар-222» дабылы бойынша барлық ауылдық округтердегі, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінде құрылған штабтарға эвакуациялық көшіру шараларына қатысты іс-әрекеттері бойынша тапсырмалар беріліп, оқу жаттығуды сәтті аяқтады.

img_5592

Ертең «Қиғаш» бас су сорғы стансасында техногендік сипаттағы объектілік оқу жаттығуы өтті.

А.Шакупова