«Балдәурендегі» бақытты шақ

(0 Votes)

Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Ауылым – алтын бесігім» атты балалардың әлеуметтік жобаларының байқауы өткізілді.

Оған туған жерінің тарихын зерттеуге ұмтылыс жасап жүрген Ломоносов орта мектебінің оқушылары Д.Қайыржанова, Д.Дидарбекова, А.Ажығалиева, А.Амангелдиева тарих пәнінің мұғалімі А.Құлесованың жетекшілігімен республикалық байқаудың іштей кезеңіне қатысу үшін шақырылды. Олар бұл сайыста «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын қорғады. Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің туған өлкесімен жақынырақ танысуларын қамтамасыз ету, оның тарихи-мәдени, географиялық, табиғи ерекшеліктерін зерттеу арқылы өз елінің патриоттары болуларына баулу.

Аталмыш мектептің оқушылары халық құрметпен Мақаш әкім деп атаған белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов туралы жобаларын үздік қорғады. Ал жетекшілері А.Құлесова «Балдәурен» әкімшілігі атынан алғыс хатпен марапатталды. Бұдан кейін олар «Бурабай-Шучье» аймағы мен «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Абылай хан» алаңдарына арнайы саяхат жасап, елге көтеріңкі көңіл күймен оралды.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521