Балалардың отпен ойнауына жол бермейік!

(0 Votes)

Кейде ата-аналар күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, балаларын үйлерінде қараусыз жалғыз қалдырып, кез келген сәтте олар өз өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ұмытып кетеді.

Ересектерге еліктеймін деп қолдарына сіріңке, оттық алып, электр құралдарын өз беттерінше қосып, пеш немесе от жағуға тырысады. Нәтижесінде, бұл жағдай қауіп-қатерге, апатқа әкеп соқтырады. Құрметті ата-аналар, өз перзенттеріңізге көбірек көңіл бөліп, қандай жағдай болмасын, балаларыңызды үйде жалғыз қалдырып, сыртынан қамап кетпеңіздер. Оларға отпен ойнауға қатаң тыйым салыңыздар. Кәмелетке толмаған жеткіншектердің темекіге әуестенбеуін, сіріңкемен, оттықпен ойнамауын қадағалаңыздар. Бәріміз бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, балаларымызға бірлесе үйрететін болсақ, оқыс оқиғалар саны едәуір азаяды.

А.Ахбалин,

Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521