Балғындардың қуанышы

Аудан тынысы

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты шырша ертеңгілігі №5 аудандық психологиялық, педагогикалық түзеу кабинетінде ерекше күтімді қажет ететін балалармен ұйымдастырылды.

Оған 86 бала қатыстырылды. Алдымен аталған кабинеттің меңгерушісі Клара Өмірзаққызы балғындарды мерекемен құттықтап, оларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Ертеңгілікті ұйымдастырған мәдениет үйінің қызметкерлері ертегі кейіпкерлеріне еніп, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлер Г.Қапизова, Ә.Сахманов, А.Қайсағалиев, Т.Шарипов, Е.Халенов, Т.Сисенәлиев, Р.Рахимов, С.Айдаралиев, Р.Дайынов, А.Мүтиғоллаеваға кабинет ұжымы мен ата-аналар атынан зор ризашылығымызды білдіреміз.

Үміт Дауғалиева,

аудандық психологиялық, педагогикалық түзеу кабинетінің әлеуметтік педагогі