Бүлдіршіндерді қуантқан мерекелік шеру

(0 Votes)

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Құрманғазы ауылының орталық алаңында бүлдіршіндер мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өткізілді.

Республика бойынша биыл үшінші рет қолға алынған іс-шараға ауданның он жеті оқу орынының ұйымдары қатысты. Іс-шарада музыкалық ансамбльдер, халық аспаптық оркестрлері, барабаншылар, сондай-ақ жастар арасында танымалдылыққа ие болған мажоретка мен черлидер бишілері өнерлерін ортаға салды. Олар шағын композициялар көрсетіп, бірдей қимыл жасап, көрермендерге жақсы әсер сыйлауға тырысты. Жас таэквондошылар, боксшылар спорттық шеберліктерін көрсетті.

i

i

Шеруді тамашалауға келген аудан әкімі Қайрат Нұртаев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтай отырып, шараға қатысқан білім ұйымдарының өнерпаздарына өз алғысын білдірді. Өз сөзінде бұл мереке ересектерге жас ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілікті еске салатындығын және оларға бар мүмкіншілік жасалу керектігін айтты. Сөз соңыңда аудан әкімі балаларға сәттілік тілеп, шеруге қатысқан барлық жастарды және оларға қолдау көрсетіп, осы іске ат салысқан ұстаздарды марапаттады.

i

 

Шара балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары әзірлеген концерттік қойылымдарымен аяқталды.

i

i

Б. Қазиханов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521