Бәйге жеңімпаздары ұлықталды

Аудан тынысы

БАҚ бұдан бұрын хабарлағанындай өткен жылы Астана қаласының 20 жылдығына орай Республикалық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған «Ғасыр ғажайыбы – Астана» шығармашылық байқауында облыс бойынша үш жеңімпаздың болғаны айтылған еді.

Жақында облыстық Ардагерлер кеңесінің басқосуында төраға Қатимолла Ризуанов үш жеңімпаз – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талапқали Зайнуллинге, ҚР Құрметті журналисі, ақын Таңатар Дәреловке, жылыойлық ақын-журналист Қонаш Қалдыоразұлына «Ардагерлер ұйымы РҚБ Орталық кеңесі» төрағасы Б.Ізмұхамбетовтің қолы қойылған Құрмет грамота мен жеңімпаз шығармалары енген кітаптарды табыстады.

А.Нәжімов.