БҮГІН АТЫРАУҒА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА БАСТАҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Аудан тынысы

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Атырауға келді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жақында ғана Астанада өткен “Нұр Отан” партиясының кезекті съезінде Елбасының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселесін қайта қарауды тапсырып, нақты міндеттер жүктегені белгілі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған делегация жұмыс сапары аясында еліміздің әлеуметтік саясатындағы жаңалықтарға бағытталған жиындар өткізеді. Қазіргі уақытта ашық микрофонға негізделген жиын Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өтеді. Кейін осындай форматтағы кездесулер Махамбет және Мақат аудандарында жалғасады деп күтілуде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА