Ғажайып театр фестивалі

(0 Votes)

Театр – өресі биік көрерменге ой салар тәрбие ошағы. Орлы халық театрының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Театр – нағыз тағылым мен тәрбиенің ордасы» атты аудандық халықтық театр фестивалі ұйымдастырылды.

Бір жылдардағы Калинин ауылдық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесі драма ұжымын қалыптастырып, нәтижелі қызметтің арқасында 2014 жылы облыстық «Шынайы шымылдық» атты байқауға қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен драма ұжымы «халықтық» атағын қорғап алды. Содан бері театр әртістері шағын қойылымдарды сахналаумен қатар, көрермен назарына 12-ден аса қазақ драматургтарының туындысын ұсынып келеді. Осы 5 жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері де баршылық. Мәселен, 2014 жылы Теңіз халық театрының негізін қалаушы Дүйсенғали Ғұмаровты еске алуға арналған фестивальде І орын, Киров халық театрының 50 жылдығына орай батыс аймақтық театрлар фестивалінде – бас жүлде, көрнекті жазушы, драматург, сатирик Есенжол Домбаевтың 80 жылдығына байланысты ұйымдастырылған облыстық халықтық театрлар фестивалінде – І орын иеленген театр ұжымының бағы жанып, мерейі асқақтады.

Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521