«Қазақ баласы осындай!»

Аудан тынысы

Ұлт Көшбасшысының «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау мақсатында жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ баласы осындай!» атты байқау өтті.

Сайыс рухани жаңғыру кезеңінде ұл балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, бойына жоғары мәдениет пен адамгершілік қасиетті жиған тұлға қалыптастыру мақсатын көздеді. Байқау таныстыру, өз өнерін көрсетумен қатар, ата-бабадан мирас болған қамшы өру, сойған малды мүшелеу сияқты сындардан тұрды.

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын шәкіртіміз, 11 сынып оқушысы Азиз Бектеміров тәрбиелік мәні зор сайыста өз бағын сынап, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Ұлтыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле» деп аталарымыз айтқандай, тәрбие көздерін осылай орынды қолдана білсек, ер балаларымыз болашақта Отанын қорғайтын нағыз батыр, отбасының тірегі болатын лайықты азамат болып қалыптасары анық.

Қ. ҚЫДЫРШАЕВА,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары