Азғырда Айт мерекесіне орай спорттық ойындар ұйымдастырылды

Аудан тынысы

Азғыр ауылдық округінің Балқұдық ауылы, Балқұдық жалпы орта мектебінің спорт залында Ораза айт мерекесіне және Жастар жылына орай мешіт имамы Қуатбек Серікұлының ұйымдастыруымен Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округі жастары арасында волейбол ойыны, арқан тартыс, күш сынасу, кір тасын көтеруден (32 кг) спорттық жарыстар өтті.

Жарысқа Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтерінен барлығы 6 команда қатысты

Шараны Балқұдық ауылдық мешітінің имамы Қуатбек Серікұлы ашып, қонақтарға қош келдің айтып, Айт мерекесімен құттықтады.

a

Барлық команда капитандары ережеге сәйкес, топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Ойын барысында балқұдықтық Қ.Ғилажев, Құспанов (Азғыр а/о),Ұ.Ермеков-Асан, Ғ.Зинетов-Үштаған, ( Асан а/о ), А.Ерболатов-Сүйіндік, Б.Сагиев- Жалғызапан (Сүйіндік а/о) «Үздік ойыншы» номинациясына лайықты екендіктерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІорынды Балқұдық құрама командасы, ІІ орынды Балқұдық жастары командасы, І орынды Асан ауылдық округі жастары командасы иеленді.

a

Барлық жеңімпаз командаларға Балқұдық ауылдық мешіті атынан грамоталар мен кубоктар, арнайы медальдар табысталды. Бұдан әрі, арқан тартуда І орынды Балқұдық, ІІорынды Сүйіндік жастары командасы, ІІІ орынды Балқұдық жасөспірімдер командасы еншіледі. Күш сынасуда Іорын А.Амангелдиев (Сүйіндік), ІІ орын Б.Насиполлаев (Сүйіндік), ІІІ орын Р.Бактыгалиевке (Азғыр) бұйырса, кір тасын көтеруде (32 кг) І орынға Ж.Жаманкулов, ІІ орынға Ж.Төлеуов, ІІІ орынға Б.Сағиев лайықты деп танылды.

a

Көршілес округтен келген қатысушыларға Ораза айт мерекесіне орай қонақ асы берілді. Бұдан кейін кіші футболдан жолдастық кездесу өткізіліп, І орын Үштаған жастары (Асан ауылдық округі), ІІ орын Жалғызапан жастары (Сүйіндік а/о), ІІІ орын Сүйіндік жастарына тиісті.

Ж.Жаманқұлов, Азғыр ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі нұсқаушы әдіскері