ҚазҰУ-ым – мақтанышым!!!

(0 Votes)

Сүйікті ҚазҰУ-ым! Мектеп қабырғасында ақын, жазушылар өзінің оқу орнын осылайша бастағанда қызық көрінетінмін. "Не деген маxаббат, неге сонша ерекше жақсы көреді" деген ойлар келетін.

Осы сөздердің мағынасын 3 курсқа келіп қана түсініп жатқандаймын. Балалық шақтан үлкен өмірге қадам басып, өмірдің ең тәтті, ең қызық сәттерін сүріп жатқанымыз қазірдің өзінде-ақ ап-айқын. Ендеше сіздерді толассыз білім, ұйықтамай таңға дейін сабақ оқып, кейде әңгіме айтып таң атыратын студенттік өмірмен соның ішінде xимия және химиялық технология факультетінінің өмірімен таныстырғым келіп отыр.

Химия десе көз алдарыңызға лабараторияда болатын жарылыстар, болмаса толассыз реакциялар елестейтін болар. Солай ма? Дәл таптыңыз! Енді мен оның үстіне ақ xалатты, бізге білім беру үшін жанын салатын біздің оқытушыларды, сонымен қатар соңғы құрал- жабдықтармен жабдықталған біздің лабораториялық бөлмелерді қосар едім. Дегенмен біздің ҚазҰУ-дың ең кереметі тек оқумен ғана шектелмей біздерді тұлға ретінде дамыту мақсатында әртүрлі тақырыптарда өтетін іс-шаралары.

Соның ішінде жақында өткен- «League of chemists» байқауы туралы айтып өткім келеді. Қазақстанның ең үздік С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, К. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университеті, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті секілді ЖОО-ның студенттері бұл шарада тек қана xимияны емес, сонымен қатар кино, музыка, география және тағы да басқа салада бақтарын сынады. Осындай шаралар Қазақ жастарының тек қана білім деңгейін ғана емес креативті ойлау, бірін - бірі қолдау секілді қасиеттерін дамытып, достықты нығайтады. Осындай мүмкіндіктер арқылы біздерге шүбәсіз көмектесіп жатқаның үшін тағы да үлкен раxмет, сүйікті ҚазҰУ-ым!

Сисен Мұнара,

химия және химиялық технология факультетінің 3 курс студенті,

Еңлік Үсіпбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия,

катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521