Ауданымызда жаңа прокурор

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Рахимов Магилан Еркінұлы Құрманғазы ауданының прокуроры болып тағайындалды.

М.Рахимов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданы, Аққала ауылында дүниеге келген, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Кейін Құрманғазы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысы прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының құрамындағы облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып келді. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылдан астам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521