АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚР ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН 7 АЛТЫН МЕДАЛЬГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының жүзу бойынша Паралимпиадалық ойындары 17-19 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында өткен болатын. Жаттықтырушы Нұрлан Жұмағазиев бастаған Атырау командасы 7 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел біріншілігінде Параазиялық ойындардың жеңімпазы Ержан Сәлімгереевке тең келер ешкім болмай, спортшы үш алтын медальді қатар еншіледі. Ол баттерфляй стилінде жүзуден 50 метр қашықтықта үздік атанды.

Сонымен қатар, қарсыластарға 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде жеңіске жетуге мүмкіндік қалдырмады. Параазиялық ойындарының тағы бір жеңімпазы Дмитрий Ли 100-ден 400 метрге дейін еркін стильде жүзуден жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта шалқамен жүзуде үздік атанды. Әділет Құрманғалиев болса 50 метрге баттерфляй стилімен жүзуде және 100 метр қашықтықта шалқамен жүзуден күміс медальге ие болды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521