Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті, 4-еуі бала

(0 Votes)

ҚазАқпарат – Атырауда болған жол апатынан зардап шеккендер белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі. Әлеуметтік желілерден белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін Атырау облысында автобустың жүк көлігімен соқтығысқандығы хабарланды.

ҚазАқпарат

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521