Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды

Аудан тынысы

Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды Атырауда көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен қорытынды кешке ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәулешов пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

bd4584e2-5806-49fa-af68-0cb13964c967

6b17eccb-f122-49c7-9166-434bb6219407

Шараға арнайы келген Нұрқиса Дәулешов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау лебізін жеткізді.

8d3c740c-7db8-41d8-a156-26f0a8dda594

- Қасиетті Атырау жерінде кешелі бері шоқтығы биік, мағынасы терең үлкен шара өтіп жатыр. Асқақтатып жыр, күмбірлетіп күй төккен тамаша кешті ұлт рухының мерекесі деуге болады. Осылайша поэзия падишасына арналған мәдени шаралар өз мәресіне жетті, аздаған қимастық сезімі де жоқ емес, - деді ол.

0c5148ae-acd7-4c9c-a280-b059c8d942e4

Ал, апталықтың әр шарасын қалт жібермей, ақынның жыр-шумағын жатқа айтқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ел рухын асқақтар мұндай іс-шаралар жалғасын табады деп сенім білдірді.

509f3032-421c-4e8d-90e8-700c652392e7

- Фариза апамызға айтылар теңеу көп. Дегенмен оның шыншылдығы мен жолдасқа, досқа деген адалдығы бір төбе. Бүгін, міне, соның куәсі болдық. Өйткені, апталық аясында өткен әр шараның басы қасында елдің арда азаматтары болды. Олар бұл шараның мәртебесін көтергені сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын тауып, Фариза апамыздың шығармашылығы кеңейіп, елдің дамуына, өскелең ұрпақтың рухы биік болып қалыптасуына сеп болатын тәрбиелік шаралардың қатары артсын, - деді аймақ басшысы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ