Атырау қаласында бүгін жаңадан 2 мектеп ашылды

(0 Votes)

 Облыс орталығында бүгін, Білім күні қарсаңында екі бірдей, атап айтсақ, Нұрсая ықшамауданынан 900 орындық, Жұлдыз ықшамауданынан 624 орындық мектеп ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұлдыз ықшамауданынан ашылған мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына Атырау қаласының əкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

3514b4ad-ad12-41e7-b7aa-b52e713a3b80

d6ddd336-3de7-4b9b-bc8b-f58fda75e157

- 1 қыркүйек білім мен ғылым саласында еңбек ететін ұстаздар жəне шəкірттер үшін ерекше күн. 2019-2020 оқу жылында қаламызда жалпы білім беретін 59 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Баршаларыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, биылғы оқу жылында сəттілік тілеймін, - деді қала басшысы.

30bb59ce-f824-49a2-91a3-5750d5a7b73e

7c40585e-28b2-468c-a804-255f7d4bf232

Сонымен қатар, Жұлдыз-3 ықшамауданынан 600 орындық тағы бір мектептің салынатыны белгілі болды.

{jcomments on}aabb7645-41e3-4015-ae42-89816b334397

- Жыл сайын мектепке келуші оқушылардың саны артып келеді. Осы бағытта облыс бойынша 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы қалада. Облыстағы үшауысымдық мəселесін шешу мақсатында мектеп салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521