АСТРАХАН ТРАССАСЫНАН ТРИПТИХ НЕМЕСЕ ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ ҚАЛАЙ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАДЫ?

Аудан тынысы

ATPress.kz редакциясының ұжымы кезекті түсірілімге шықты.Бұл жолы біз «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханға дейін)» тас жолының, соның ішінде біздің облысымызға тиесілі Құрманғазы ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып қайттық.

Бұл жолғы сапардың ерекшелігі - біз құрылыс жұмысын сырттан бақылап емес, сондағы қара жұмысшы ретінде байқап көрдік.

Ол үшін мердігер компанияға жұмысқа орналасып, қызу жұмыстың қақ ортасында репортаж жасауға тырыстық. Сонымен, кеттік...

Бірінші көрініс. Барлау

Бір қарағанда, қара жұмысшы болып жұмысқа орналасу түк емес сияқты. Сырттай қарағанда, қолға күрек алып, жерге тас төсеп, табыс тапқысы келетіндер сонша көп емес сияқты. Бірақ, шын мәнінде жол төсеу үшін көп адамның қажеті де жоқ. Дегенмен, әрбір аумаққа кәсіби маман, өз ісінің шебері қажет екен. Ол үшін құрылыс компаниялары жұмысқа дәл осы салада тәжірибесі бар мамандарды алады екен. Сондықтан еңбек кітапшаңызда міндетті түрде жол құрылысында жұмыс жасағаныңыз туралы анықтама болуы қажет.

55485510-2e05-4314-be3a-ad4f0ec8a216

Бірінші күні біздің түсірілім топ жол құрылысымен айналысып жатқан «Сине Мидас Строй» ЖШС бақылау-өткізу пунктіне жолықты. Онда бізді екі күзетші күтіп алды, олардың бірі бізден мұнда не себепті келгенімізді сұрап алды. Олардың айтуына қарағанда, мұнда қара жұмысқа көп адам ала бермейді. Алған күннің өзінде, жұмыстан қалсаң немесе жұмысқа мас күйде келсең дереу шығарып жібереді екен.

Одан бөлек, біз жұмысқа орналасу үшін өте көп құжат жинау керек екенін білдік. Яғни, біз үшін жұмысқа орналасу мүлде мүмкін еместей көрінді. Не болғанда да, жалақысы 110 мың теңгенің айналасындағы қара жұмысшыларды іріктеу аяқталған екен.

Құрылысшылар базасында дөрекі сөйлеу әдетке айналған сияқты. Дегенмен біз оны жарияламауды жөн көрдік...

- Сіздер тағы да келіп көріңіздер. Себебі кез келген күні бір адам тәртіп сақтамағаны үшін жұмыстан шығып кетіп жатады. Сондықтан, бос орын кез келген кезде болуы мүмкін, - деді күзетшілердің бірі.

Енді не істейміз? Апталап күте алмаймыз. Бізге бұл жұмыс дәл қазір керек.

73c1cbcc-5a92-4d8a-b261-3510e3def3c9

Екінші көрініс. Ресми сапар

Соңында түсірілім тобы құрылысшылар басшылығына ресми түрде жолығуды жөн деп шешті. Бақытымызға орай, басшылық біздің ұсынысымызды қабыл алып, тіпті жұмыс істеп көруімізге де рұқсат етті. Ал, әзірше...

... «Сине Мидас Строй» ЖШС жобасының басшысы Алзада Әбіловтың айтынша, компания құрылыс жұмыстарын уақытынан бұрын да аяқтап қалуы мүмкін. ЖШС қазір екі аумақта жол төсеп жатыр екен, тіпті кей жерлерде кестеден ерте аяқтап жатқан көрінеді. Мысалы, жоба аясында 15 кіші жасанды көпір - яғни, су өткізетін құбыр мен 7 көпірді жөндеу керек. Қазіргі уақытта 15 құбыр ауыстырылып үлгерген, тек көпір жұмыстары қалған екен. жалпы алғанда, жыл соңына дейін 35 шаршы шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарланған.

68970556_390197261698651_7231674742535618560_n

Сонымен қатар, компания басшысы жұмысшылардың кейбір кішігірім өзендердің арнасын қазғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарып, экологияға зиян келтіретін ешқандай бұзушылықтардың болмағанын жеткізді.

Алзада Әбіловтың айтуынша, аумақта 224 адам жұмыс істейді, оның тең жартысы Құрманғазы ауданынынң тұрғындары. Сонымен қатар, Түркиядан 20 маман шақырылыпты, қалғаны Қазақстанның әр өңірінен келген жұмысшылар.

Ол Атырау облысында да жол салудан тәжірибе барын айтты. 1988-1992 жылдар ы ол Котяевка - Ганюшкин жолының құрылысына қатысыпты.

3e99da2a-40e2-47aa-b7ed-1b5a80ba7e27

Үшінші көрініс. Белгі беруші

Осыған дейін айтқанымыздай, басшылық бізге жұмыс істеуге рұқсатын берді. Нақтырақ айтсақ, біз онда өтіп бара жатқан автомобильдерге жол көрсетумен айналыстық.

Аумақтағы мастердің көмекшісі Қанат Құрбанов бізге белгі берушінің жұмысы да оңайға соқпайтынын ескертті. Дегенмен, біз көліктерге жол көрсетудің қиын түгі жоқ деп ойладық. Әсіресе, жүргізушілер құрылыс алаңын өзі-ақ айналып кетпей ма? Бірақ расымен олай болмай шықты. Құрылыс техникаларына тіке жол тартатын жүргізушілерді де көруге болады екен мұнда. Қанат Құрбановтың айтуынша, мұнда жергілікті кадрлар көп болғанымен, алғашында техникаларды тек сырттан келген мамандарға сеніп тапсырған екен. Жергілікті бульдозер жүргізушілерінің арасында автомобиль жолдарын салуда жұмыс істеп көрген жоғарғы санапты мамандар аз көрінеді.

ef916559-c177-4a26-8dc4-b201bc2375ad

- Сондықтан да, сырттан келген әрбір маманнын жанына жергілікті кадрларды қостық, - дейді "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тас жолының құрылысына да атсалысқан Қ.Құрбанов.

- Қазіргі салынып жатқан жолдың ені - 15 метр. Ал қозғалыс бөлігі - 9 метр. Жер жұмыстарын біз осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Дегенмен, ауа райына да байланысты. -5 градустан суық болған кезде, асфальт төсеу жұмыстары толық тоқтатылады. Ал жер жұмыстары әбден суық түскенше жалғасады, - дейді ол.

967eb7df-c312-4bc2-8086-bf4ac1362b6b

Менің екі әріптесім, барлаушы Мұрат пен Мұратбектің де жұмыстары ауа райына байланысты. Олардың жұмыстары сағат 20.00-де басталады және таңғы сағат 7.00-ге дейін жалғасады. Түнгі сағат бірде - "түскі ас". Тамақты автобуспен әкеліп береді.

Айтпақшы, біздің түсірілім тобы болған базада асхана мен жатақхана да бар. Объектінің коменданты Бенали Зулуфовтың айтуынша, жатақхана 320-330 адамға есептелген, дегенмен қазір мұнда 160 адам тұрып жатыр. 120 адамға тамақ жұмыс орнына апарып беріледі.

- Мен бұрын ойлайтын едім, белгі берушінің немесе күзетшінің жұмысы жасы орташа немесе одан жоғары адамдар үшін қатты қиын емес деп, шын мәнінде олай емес екен. Біз бірақ үйреніп кеттік. Жұмысым үйдің жанында, мен осы жерде тұрамын. Жалақыны уақытылы береді, барлық жағдай жасалған, - дейді Мұрат.

fb608f7b-2863-4263-af25-7c7cbe24806b

69271012_488523495215563_224426133003698176_n

Мен де бірінші ауысымда-ақ үйреніп кетуге тырыстым. Бірақ олай болмады. Бірнеше сағат бойы шаң-тозаңнын ортасында тұрып, көліктерге жол көрсету оңай емес екен. Жұмыстың қызу жүріп жатқанына қарамастан, трасса енді ғана жаңа кейіпке еніп келе жатыр.

69215639_476850823153295_7038484549466062848_n

Дұрысын айтсам, менің түнгі ауысымда жасасам көліктер аз болады деген ойым қаты болып шықты. Тіпті, бірнеше сағаттан кейін-ақ менің қандай-да бір полиция экипажын тоқтатсам ғой (менің сондай арманым болған) деген арманым көкке ұшты. Осылайша, шындық менің барлаушы болу оңай деген ойымды өзгертіп жіберді. Түн ортасына қарай түсірілім тобы "түскі асты" да күтпестен кері жолға шықты.

68802604_2445743885704173_7616322964069285888_n

25504d26-26a1-4063-9141-59b42ea69ff8

Дегенмен, ATPress.kz редакциясы бұл кемшіліктерге қарамастан осы тас жолдың құрылысына тағы да оралатын болады...