Ару қыздар – алаулап от кешкендер

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ару қыздар – алаулап от кешкендер, Ерлерше елі үшін тер төккендер» атты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін еске алу шарасы өтті.

Оған соғыс ардагерлері Хамит Жаудин мен Мәрия Жаудина, Махым Шамханов пен Валентина Шамханова, Әсима Димұқашеваның және соғысқа көмекке жеке қаражатынан қаржы аударған тыл еңбеккері Самиға Тапалованың ұрпақтары шақырылды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова шараның мәні мен мақсатына тоқталып, оның «Көзкөрген» бағдарламасы желісінде жүргізілетінін жеткізді.

Мультимедиалық слайд арқылы Қазақстанның Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова, Мәрия Жаудина, Валентина Шамханова, Әсима Димұқашева, Қамида Ингамова, Богословская Валентина Матвеевна, Тумина Татьяна Андриановнаның майдандағы және соғысқа көмекке жеке қаражатынан қаржы аударған тыл еңбеккерлері Самиға Тапалова мен Қаделі Ысқақованың тылдағы қаһармандық өмірлері жөнінде тың деректер ұсынылды. Бағдарламаға арнайы шақырылған марқұм ардагер аналарымыздың ұрпақтары Талғат Жаудин, Маржан Ибрагимова, Зинеп Оразғалиева олар жөнінде әдемі естеліктерімен бөлісіп, аудандық қоғамдық келісім, ардагерлер кеңестерінің төрағалары Зинетолла Ақпанов, Орынғали Құмарғалиев, аналар кеңесінің мүшелері Сәркен Нұрғожина, Ақтілек Хамитова мерекелік жылы лебіздерін білдірді. Шараны Б.Хасенова қорытындылап, қонақтарға Құттықтау хаттар мен сый-сияпаттарын табыстады.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521