«Арманға қол жеткізген күн»

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта мәдени кеш өтті.

Мақсаты – ер балалардың бос уақытын тиімді өткізу, қоғамдық жұмыстарға тарту, жауапкершілік, отаншылдық сезімдерін арттыру. Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, болашағы – білімді ұрпақ екенін жырға қосқан ұлдар егемендіктің толағай табыстарын назарға ұсынған бейнероликті көрсетті. Көркемсөз оқуда өздерінің шеберліктерін танытқан Б.Бақтыгереев, Б.Салахаденов, Р.Орденов, Б.Әлиев, Ж.Ғинятұлы, Н.Нұрдаулет көрермен алғысына ие болса, гитарамен ән айтқан Қ.Елемесов, Б.Жұмашев, Н.Айтқалиев сияқты оқушылар кештің көрігін қыздырды. Шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Жасқайратқызы қорытындылады.

Бауыржан Хасантаев,

Сүйіндік жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521