Ардагерлерді қабылдап, жаңа нысандармен танысты

Аудан тынысы

Ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Салахитденұлы Ізмұхамбетов, Жексенбай Қартабайұлы Дүйсебаев, Сенат депутаты Ғұмар Ислямұлы Дүйсембаев келіп, аудандық «Ардагерлер үйінде» ақсақал қариялармен жүздесті. Қонақтармен бірге облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Есенғалиұлы Лұқпанов, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллаұлы Зинуллин болды.

Қоғам қайраткері, сенімді депутат Сәрсенбай Құрманұлы мәселеге сергек қарап, республикалық комиссия құрғызып, оның құрамында ауданнан, облыстан да өкілдер бар сол өңірге іссапарлап қайтты.

Мақсат: әлгінде айтқанымыздай Азғыр бойына тас қабатты жол салу қаншалықты тиімді? Үштаған маңындағы «Бесшоқы» биігінің (шебень) қиыршық тастары жергілікті, арзан, тасымалы жеңіл құрылыс материалы ретінде егер жол салына қалған жағдайда кәдеге аса ма, қоры қай деңгейде, осындай сауалдарға жауап іздеу.

Комиссия құрамы да салмақты. Атап айтсақ: Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Аблалиев Сәтжан Айкенұлы – Инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары. Пірімбетов Ербол Қуандықұлы – «Қазақавтожол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы бақылау және сапа Департаментінің бас маманы. Кенжешов Ербол Хайроллаұлы – ҚР Инвестиция және даму министрлігінің «Атыраужол» зертханасы республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы. Дүйсенов Асылан Темірғалиұлы – «Қазақавтожол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары. Жастілек Әдебиетұлы Хасанов – Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, Болат Теміржанұлы Жүгінісов – Құрманғазы аудандық мәслихатының хатшысы. Әділбек Қуанышұлы Әжіғалиев – Құрманғазы ауданы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі, жергілікті БАҚ өкілдері, т.б. лауазым иелері.

Комиссия құрамы «Бесшоқыдағы» карьерде болып, қиыршық тастардың сапалылығына көңіл бөлді. Әлі де қажетті жайларды анықтауға Атыраудағы зертхана үшін деп сынама жасауға топырағын, қиыршық тастардан да ала кетті. Алдын-ала кесіп, пішіп, ортақ мәмілеге келмегенімен бұл жергілікті құрылыс материалы салына қалса, жолдың негізіне жарайды – ау деген ұйғарымға келді.

Егер осы айтып отырған «Ганюшкин – Сүйіндік – Балқұдық» ара қатынасқа тас жол төселер болса маңайдағы елді мекендер түгел қамтылмақ. Кәсіпкерлер де, былайғы тұрғындар да қыста қарды омбылап, жазда саз бен топыраққа батып, бірнеше күндеп жолда қалу азабынан арылады.

Тіпті осы жолдың тиімділігі Атырау ғана емес, Батыс Қазақстан облысы үшін де зор. Салына қалған жағдайда 500 шақырымдап айналма сапар шекпей Сүйіндік арқылы мұнайлы Астана төріне тез ақ жетіп келер еді. Мал өнімдері, т.б. тауарлар келуі бұрынғыдан да жақсарары сөзсіз. Барған, көрген комиссия құрамы әзірге осындай тоқтамға келген. Бірақ бұл әңгіменің тоқ етері емес, анықтау, зерделеу жұмыстары әлі алда, жоғары басшылық не дейді?

Депутат жерлесіміз Сәрсенбай Еңсегенов осы мәселеге орай тынбай жұмыстану үстінде. Бұйырмыс болып, іс оңынан айналса немесе орайы келмесе де оған алдын-ала рахмет, әр басқан қадамына Алланың нұры жаусын десек, азғырлық ағайындар ат тонын ала қашпас, бізді толықтай құптар деген ойдамыз.

Т.ТАСМҰХАНТЕГІ.