«Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»

Аудан тынысы

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Халықаралық қариялар күніне орай «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаевқа ұсынылды:

img_5435

- Өркениетті елдердің санатына қосылуға ниет білдірген Қазақ елінің келешек ұрпағы – өз қарияларын сыйлап, құрметтеуді – ұлттық дәстүр, игілікті іс, перзенттік парыз деп санайды. Өйткені, сіздер, ардагерлер мемлекетіміздің алтын қоры, дәстүрлердің сақтаушысы, отансүйгіштіктің жарқын үлгісісіздер. «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» деп бабамыз тегін айтпаған. Өмір және еңбек жолдарыңыз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Төзімділіктеріңізге, даналықтарыңызға, табандылықтарыңызға бас ие отырып, ел игілігі үшін жасаған еселі еңбектеріңізге зор алғысымызды білдіреміз, - дей келе, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен білім беру, ауыл шаруашылығы салаларының ардагерлері Қоңыр Байсейітова, Зәмзам Рахметованы ұлығылады.

img_5446

img_5442

Аудан әкімінің құттықтау хатын бір топ ардагерлерге ұсынды. Келесі кезекте аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов зал толы аға буын өкілдеріне жүрекжарды лебізін білдіріп, атаулы күнге орай марапаттау рәсімін жасады.

img_5453

img_5461

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев баяндамасын ұсынып, мерекеге байланысты ұйымдастырылған ардагерлер арасында өткен шахматтан, және дойбыдан аудандық жарыстың қорытындысын жариялады. Салтанатты жиын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Артынан ардагерлерге арналып ақ дастарқан жайылды.

img_5462

А.Шакупова