«Ана тілі аруы - 2018»

Аудан тынысы

Аудандық байқау С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Оған ауылдық округтер мен аудан орталығындағы мектептерден 15 пен 23 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.

Байқау «Сәлем – сөздің анасы», «Сұрақ – жауап», «Өнерім – өлеңім», «Ұйқасын келтір», «Зияткерлік бөлім» сияқты бес бөлімнен тұрды. Оның барысында әділқазылар алқасы үміткерлердің сахна мәдениетіне, киім үлгісіне, шапшаңдығына, тапқырлығына назар аударды. Қорытындысында І орын Әуезов атындағы жалпы орта мектебінен қатысқан Гүлзат Қайыржановаға тиді.

ІІ және ІІІ орындарда Эльза Шынайбекова (Панфилов атындағы жалпы орта мектеп) мен Дәметкен Қисаева (З.Серікқалиев атындағы мектеп-интернат). Жүлдегерлер мен қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан алғыс хаттар, дипломдар, естелік ретінде кітаптар табыс етілді.

М.Ғалимова, аудандық мәдениет үйінің әдіскері