Қамқоршылық кеңес отырысында

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі қамқоршылық кеңесі үстіміздегі жылдың басынан бері жұмыс істеп келеді.

Кеңес жергілікті атқарушы билік, жергілікті өкілдік, құқық қорғау органы, жұмыспен қамту жөніндегі мекемесі қызметкерлері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдерінен және ата-аналар комитеті мүшесінен тұратын, барлығы 9 адамнан тұрады. Өзінің бірінші отырысында кеңес төрағалығына жұмыс берушілер өкілі, «Зере» жеке кәсіпкерлігінің басшысы А.Қуаншалиев сайланды. Сондай-ақ, мүшелерінің атқаратын міндеттері белгіленіп, 2018 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді. Қамқоршылық кеңесі колледждің барлық бағыттарын жетілдіруге белсенді қатысатын әрекетті қоғамдық кеңес ретінде танытып келеді. Кәсіптік білім беру оқу орнының дамуындағы өзекті мәселелерді шешуге, қажетті ұйымдастырушылық- материалдық көмек көрсетуге белсене араласады.

Кеңесінің екінші отырысы өткізіліп, оған Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің жетекші маманы Мұхамбет Әділ Жолдасұлы қатысты. Күн тәрбіне колледж ұжымынан қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер жасау, жарғысына толықтырулар енгізу және колледжді дамытудың басым бағыттары мәселелері койылды. Талқылай келе, колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары К.Сарсенова сайланды. І және ІІ курс студенттерінің ата-аналар комитетінен тағы екі адамды кеңес құрамына қосуға ұсыныс берілді. Екінші мәселе бойынша кеңес құрамындағы жергілікті өкілдік өкілі, аудандық мәслихат депутаты Р.Султанияев колледж жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, ұсынысын білдірді. Үшінші мәселе бойынша колледж директоры Б.Утегенов оқу процесін жетілдіру, материалдық базасын нығайту, жалпы колледждің дамуының басым бағыттарымен таныстырып, алдағы міндеттерді айқындады.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521