Алдымызда жаңа биіктерді бағындыру міндеті тұр

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік және қоғамдық кеңес өкілдері, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері үлкен экраннан тыңдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдап, онда айтылғандарға қолдау білдіріп, қол соғып отырды. Мәселен, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жерді сатпау, педофилия мен зорлық-зомбылыққа, браконьерлерге қарсы жазаны күшейту, мамандардың жалақысын өсіру, ауылдарды дамыту, барлық балаларға тең мүмкіндік жасау, дарынды ауыл жастарын іріктеу, көпбалалы аналарды бизнеске тарту, шеруге ресми рұқсат беру, тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алу, денсаулық сақтау саласына 2,3 трлн. теңге жұмсау сияқты әлеуметтік түйткілдерге қатысушы тараптан зор ынталылық көрініс берді.

img_4669

-Менің ойымша, бүгінгі Жолдауда елдегі ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуды көздейді. Осының барлығы елімізді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Мен Президент Жолдауындағы көп мәселелердің ішінен халықты әлеуметтік қолдау тетіктерін ерекше атап өтер едім. «2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады» деген Президенттің сөзіне көңілім толды. «Үкіметке тұрғын үй құрылысының бірыңғай моделін дайындап, өзара алшақ бағдарламалар қабылдаудан кетуді тапсырамын. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы о баста әлеуметтік бағдарлама болады деп күтілген. Қарыз алушының отбасылық орташа табысы айына 320 мың теңге болуы керек еді. Табысы мардымсыз адамдардың қалтасы ол бағдарламаға қатысуды көтермейтін болып шықты. Сондықтан, биыл Елбасының бастамасымен жеңілдік мөлшерлемесі 2 пайыз, алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама іске қосылды. Бұл айтарлықтай тиімді шарт. Жыл соңына дейін алты мыңға жуық отбасы осы бағдарлама бойынша баспаналы болады. Бірінші кезекте көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала асырушы жанұялар қамтылады. 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың осындай отбасы баспаналы болады», – деген Президент Үкіметке бағдарламаға қатысудың айқын критерийлерін дайындауды жүктеді.Барша аудан тұрғындарын Жолдауды бірауыздан қолдауға үгіттеп, оны бірлесіп жүзеге асыруға шақырамын, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров.

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы ел ішіндегі ырысты арттырып, ынтымақты нығайтуға зор ықпал ететіндігі белгілі. Мақсат – айқын, міндет – асқаралы. Сол үдеден табылу – баршаның борышы.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521