Қайта жөндеудің қайтарымы бар

(0 Votes)

«Астрахан-Маңғышлақ» су тартқышы арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарына су жеткізуді ұлғайту мақсатындағы №5 су сорғы стансасын қайта жөндеу жобасы аяқталуға жақын деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі өзінің баспасөз релизінде.

Аталған жоба іске берілген жағдайда сорылатын су көлемін тәулігінде 94 000 шаршы метрден 110 000 шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қайта жөндеу су көлемін ұлғайтуды арттырумен қатар, одан әрі аймақтардағы коммуналдық жүйелер арқылы тұтынушыларға су жеткізуді қамтамасыз етеді. «Астрахан – Маңғышлақ» су тартқышы 1988 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда су сорғы стансасының тәулігіне нақты қуаты 94 мың. шаршы метрді құрайды. 1990 жылдары № 5 су сорғы стансасына су пайдаланудың азаюына байланысты қажеттілік болмаған еді. Жылдар өте келе Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы экономикалық даму мен халық санының артуы суға сұраныс туғызды. Соңғы уақытта Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы Жаңаөзен, Құлсары қалалары мен Майкөмген, Аққыстау, Исатай ауылдары және басқа да елді мекендер тұрғындары суды тұтыну мөлшерін едәуір көбейтті.

Жалпы Еділдің сағасынан алынған суды тұтынушы 183 нысан бар, олар Маңғыстау және Атырау облысындағы мұнай компаниялары, өндірістік кәсіпорындар, қалалар, елді мекендер, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері, коммуналдық кәсіпорындар. №5 су сорғы стансасын қайта жөндеу барысында заманауи машина залы қарастырылған сорғы стансасы, жалпы көлемі 40 мың шаршы метр су сақтауға қауқары жететін 4 су қоймасы, өрт сөндіруге арналған сорабы бар су қоймасы, қазандық, жиі реттеуге арналған жетегі бар қажетті қондырғылар мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың құрылыстары салынуда. Суды айдауда, қабылдауда стансаның жұмыс тиімділігі барлық кезеңде бақыланып отырылып, құбыр бойындағы судың мерзімдік сынамасы және сараптамасы ғимарат аумағында орналасқан зертханада жүргізілетін болады. Су сорғы стансасының пайдалануға берілуі көптен бері айтылып жүрген аудан орталығын, басқа да елді мекендерін «Астрахан-Маңғышлақ» құбыры арқылы сумен қамтуға септігін тигізеді деген сенім бар.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521