Аймақ басшысы Алтынжарда болды

(0 Votes)

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Астрахан облысының Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында болды,- ​ ​ деп хабарлайды Атырау облысының​ өңірлік коммуникациялар қызметі​. ​

2005 жылы ​ салынған, атақты күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орталық бүгінде осында көптеп келетін қонақтар үшін мәдениет ошағына айналып отыр. Бұл жерде ​ ​ Құрманғазының кесенесі мен музейі орналасқан, туристер үшін ​қонақ үй бар. 2018 жылы мәдени орталық күрделі жөндеуден өтті.

70443426_2726776177354487_4984945056138919936_n

70741225_544475629692298_5024651118257373184_n

«Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығында 40-қа жуық адам жұмыс жасайды. Олардың 25-і – домбырашылар,​ «Белый город» орыс музыкалық ансамблі мен «Самал» қазақ музыкалық ансамблінің әншілері.

71558062_399954414042121_6879603852237078528_n

70591510_731587257355836_1440786267372519424_n

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев кесене мен музейде болып, ұлы күйшінің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін экспонаттармен танысты. ​

70964615_1881573011945652_241280701364699136_n

70580161_657565174745080_260246984886059008_n

​ - Бізге жыл сайын 1000-ға жуық адам келеді. Құрманғазы Сағырбайұлының кезіндегі қазақтардың өмірі туралы оларға мағлұмат береміз. Атырау облысы әкімдігінің және облыстың жанашыр азаматтарының қолдауымен 2018 жылдың аяғында мәдени орталыққа күрделі жөндеу жасадық. Соның арқасында орталықтың қызметі тың серпін алды. Осындай қолдауы үшін Атырау облысының халқына ризашылығымызды білдіреміз,-деді Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықтың директоры Амангелді Әбілғазиев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521