«Қайдасың бурынғының бұрымдысы?»

Аудан тынысы

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?!» атты аудандық арулар байқауы өтті.

Байқауға 11 ауылдық округтен 12 қыз бала қатысты. Шара «Мен қазақтың қызымын дара туған» (Ұлттық үлгідегі киіммен өзін тың идеямен таныстыру), «Қыз еркем – ойымен көркем» (Салт-дәстүрлер мен әр түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беру), «Өнерден шашу» (Өз қалауы бойынша өнерлерін көрсетеді), «Шаш өру формуласы» (Қатысушы қыздар бір-бірінің шашын өреді. Қалай өрілген, қандай өрім? Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды) атты 4 кезеңнен тұрды. Сынға түскен аруларды бағалаған қазылар алқасының құрамында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, қазылар алқасының төрағасы Н.Бисенғалиев, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Шарипова, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы «Теңіз» халық театрының режиссеры Е.Құлшаров, «Құрманғазы аруы–2018» Ж.Жексенбаева, сұлулық сарапшысы, шаш сәндеушісі А.Алипова болды.

Нәтижесінде бас жүлдеге Еңбекші ауылдық округінен келген Альфинұр Мұхарова ие болды. І орын Жаңаталап ауылдық округінен Аругүл Арманқызына бұйырды. ІІ орын Шортанбай, Ақкөл ауылдық округтерінен қатысқан Руфина Мақсотова мен Әсемгүл Юсуповаға тиді. ІІІ орынды Абай орта мектебінің оқушысы Балқиял Ахметова мен Ақкөл ауылдық округінен Әсемгүл Бекболат еншіледі. Нұржау, Қиғаш, Мақаш, Дыңғызыл, Орлы, Сафон ауылдық округтерінен Таңшолпан Таңатарқызы «Көрермен көзайымы», Алтынай Сабитова «Белсенді қыз», Ақнұр Абаева «Өнерлі қыз», Асылай Өтеғалиева «Сүйкімді қыз», Жазира Сайфолова «Зерделі қыз», Алтынай Хамитова «Ибалы қыз» аталымдарымен марапатталды.

Гүлбақыт Ермұратова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.