Адал ұрпақ – жарқын болашақ

(0 Votes)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің білім беру саласында жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында аудандағы жалпы білім беретін мектептерде «Адалдық дүкені» шарасы өтті. 33 мектептің 24-де мектеп асханасын жалға алып отырған кәсіпкерлермен келісіле отырып, «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды.

Онда оқушыларға арналған оқу құралдары, қораптағы тәттілер, жаңа піскен тоқаштар, бәліштер қойылды. Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін сенім бұрышы арнайы камера арқылы бақыланады. Оқушылардың да ерекше дүкенге деген қызығушылықтары артып, бұл игі іс олардың адал адам болып қалыптасуларына оң әсерін тигізетінін жеткізді.

Н.Әмірғалиева,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521