«Абайлаңыз, жолда жануарлар!»

(0 Votes)

Тәжірибе көрсеткендей Қазақстанда жыл сайын көптеген ауыр дене жарақаттары мен адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі түнгі мезгілде тас жолға шауып шыққан немесе жолда жүрген ірі қара, жылқы, түйе малдарының кесірінен болып жатады.

Күндіз көру қашықтығы кедергісіз болса, түнгі мезгілдерде жүргізушілер көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығымен келе жатса да тас жолда жүрген (тұрған, жатырған) малдарды байқап, тоқтап үлгермейді. Мұны кей кезде 20-25 жылы еңбек тәжірибесі бар жүргізушілер де орындай алмайды.

Себебі көлік құралының жарығы 20-25 метрге шашыраса, оны сағатына 40 шақырым жылдамдықта ол 11,111 метр секунд, 60 шақырыммен жүрсе 16,667, ал, халықаралық тас жолдарда 90-110 шақырым жылдамдықта қозғалса 27,778 метр секундта өтеді. Яғни, көлік құралы секундына осыншама метр жүретін болса, ол түнгі мезгілде 25-30 метр жерден малды байқап және 1,2 секунд ішінде тоқтап үлгермейді. Өйткені көлік сағатына 40 шақырым жылдамдықпен келе жатырса күрт тежегенде құрғақ тас жолда 10,4, дымқыл жолда 13,5, қар-мұзда 52 метр жылжып барып тоқтайды. Осының барлығын есептей отырсақ, әр жүргізуші мал қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алуының мүмкіндігі жоқ екені анықталды.

Автокөлік жолы ол мал жүретін жер емес. Сондықтан барша мал шаруашылығымен айналысып отырған тұлғаларға, азаматтарға өтінішіміз – мал түрлерінің мойындарына арнайы жасыл түсті шағылыстырғыш ленталарды тағып қойыңыздар. Бұл біздің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басты қадамның бірі. Кез келген ағайынымыз жолда жолаушы немесе жүргізуші ретінде жүреді, сондықтан олардың қауіпсіздігін сақтау полицияның жұмысы деген стереотипті ұстанбай қоғам болып бұл бағытта бірлесе қадам жасайық.

Т.Медеуов,

Құрманғазы аудандық ПБ-і Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521